«Жалақымыздың өскені не керек, продукт үш есеге қымбаттады»: Танымал актер Жаңа Қазақстанда түк өзгермегенін жайып салды

Танымал актёр Әбу-Насыр Серіковтың ұлы Әбілмансұр Серіков тележүргізуші Тимур Балымбетовтың бағдарламасына қатысып, Жаңа Қазақстан жайлы ойымен бөлісті.

Ол өкінішке қарай, елде түк өзгермегенін кесіп айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тимур Балымбетов өз кезегінде оған: «Жаңа Қазақстанда актёрдің өмірі өзгерді ме? Жалпы Жаңа Қазақстанға сенесің бе?» деген сұрақ қойды. Актёр өз жауабын ашып айтты.

«Шынымды айтайын ба? Ештеңе өзгермеді. Әзірге ештеңе байқамадым, үй сол баяғыдай қымбат. Бензин, продукт қымбаттады. Бізге жалақымыз ойбай 30 процентке өседі деді, одан не пайда? Продукт үш есе қымбаттаса, инфляция 40 пайыз болса... Мен ешқандай өзгеріс көріп тұрған жоқпын, қалай болды бәрі, бәрі солай қалды» деп жауап берді ол.

Көпшілік жас актёрдің сөзіне қолдау көрсеткен. Олар:

«Иә, рас, ол шын, соны еститін адамдар болса егер?», «Айтқаныңыз ақиқат, соны қорықпай бәрі айтса тек», «Мансұр, талабыңа нұр жаусын, дұрыс айттың» деп жзазды олар.