Мәмілеге қол қою жөніндегі жұмыс толығымен аяқталғаннан кейін брифинг ұйымдастырылады.
"Осы оқиғаның маңыздылығын ескере отырып, мәмілеге қол қою жөніндегі жұмыс толығымен аяқталғаннан кейін брифинг ұйымдастырамыз. Бұл кездесу барысында барлық қажетті ақпаратпен бөлісіп, барлық сұрақтарыңызға жауап береміз", — делінген хабарламада.
Еске салайық, 28 қазанда Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өмірін қиған тағы бір қайғылы оқиға болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай орнына барып, кеншілердің қазасына көңіл айтып, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Үкімет жаңа инвесторға қойылатын талаптарды анықтады. Сондай-ақ, меншік иесі ауысқаннан кейін Қазақстан енді ArcelorMittal атауын қолданбайтыны белгілі болды.
Сурет: Tengrinews.kz