Теміртау қаласының тұрғындары көшедегі бағдаршамды ұрламақ болды. |
Полицияның хабарлауынша, сағат 23:30 шамасында көше қиылыстарының біріндегі жасақ екі ер адамды байқаған: олардың бірі бағанаға шығып, бағдаршамға жетуге тырысқан, ал екіншісі оны қасында тұрған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Патрульдік полиция қызметкерлері күдікті адамдарды ұстады. Олар мас күйінде болған 22 және 35 жастағы қала тұрғындары болып шықты. Ұсталғандардың айтуынша, бағдаршамның ішінен сатуға немесе сындырып алуға болатын құнды зат табамыз деп ойлаған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы "Ұрлыққа оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.