ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрі Светлана Жақыпова Жамбыл облысынажұмыс сапары аясында өнеркәсіпкәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесуөткізді. |
Еңбекминінің басшысы еңбекұжымдарымен өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелерінталқылады және зиянды еңбек жағдайларындаұзақ уақыт жұмыс істейтін азаматтарға 55 жастанбастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнайыәлеуметтік төлем тағайындаудың негізгі тәсілдерітуралы айтты. Министр арнайы әлеуметтік төлеммөлшері жыл сайын арта түсетінін атап өтті.
Кездесу «Қазфосфат» ЖШС алаңында өтті. Іс-шараға ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғаукомитетінің төрағасы – Қазақстанның Бас мемлекеттікеңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов, жергіліктіатқарушы органдардың, кәсіподақ ұйымдарыныңөкілдері, «Жамбыл электр желісі» ЖШС, «Таразтрансэнерго» МКК, «Жамбылгипс» АҚ, «ЖМКЗ Имсталькон» ЖШС, «Таразкожобувь» ЖШС, «Запчасть» АҚ, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС,«Жамбыл МАЭС» АҚ, «Таразэнергоцентр» АҚ, «Қазфосфат» ЖШС қызметкерлері, барлығы 120 адамқатысты.
Светлана Жақыпова өз сөзінде бұл кездесуМемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегіҚазақстан халқына Жолдауында айтылғантапсырмаларын іске асыру бойынша жүргізілгенжұмыстарды түсіндіру үшін өткізіліп жатқанын атапөтті. Осылайша, өндірістік жарақаттану деңгейінтөмендету мақсатында 2030 жылға дейінгі қауіпсізеңбек тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Зияндыеңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдардыәлеуметтік қорғау деңгейін арттыру үшін арнайыәлеуметтік төлемді енгізуді көздейтін заңнамағатүзетулер пакеті әзірленді. Тиісті заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісі қабылдады.
«Арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудыңміндетті шарттары мынадай: 55 жасқа толу және соңғы7 жылда БЖЗҚ-ға кәсіптік зейнетақы аударымдарыныңболуы.
Арнайы әлеуметтік төлем бірнеше компоненттентұрады және төрт қаражат көзінен жүзеге асырылады: республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейімөлшерінде арнайы кәсіптік жәрдемақы; өмірдісақтандыру жөніндегі компаниялардан 1 ең төменкүнкөріс деңгейі мөлшерінде; жұмыс берушілердіңқаражаты есебінен 1 ең төмен күнкөріс деңгейімөлшерінде, БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақыжарналары есебінен. Бұдан басқа, жұмыскерлергеБЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алуқұқығы беріледі», – деді Светлана Жақыпова.
Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыс берушілеркәсіптері мен қызмет түрлері Еңбек жағдайларызиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесінеенгізілген жұмыскерлер үшін міндетті кәсіптікзейнетақы жарналарын аударады, олардың 2 мыңнанастам позициясы бар. Осылайша, арнайы әлеуметтіктөлем экономиканың 19 саласында, оның ішінде тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде жәнебасқаларында жұмыс істейтін қазақстандықтарғатиесілі болады.
Министр төлем зейнеткерлік жасқа дейінтөленетінін атап өтті. Арнайы әлеуметтік төлемдердіалу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарменайналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқаауыса алады, содан кейін олар жалақы мен төлемалады немесе демалысқа шығып, зейнетке шыққанғадейін арнайы әлеуметтік төлемдер алады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорыныңдеректері бойынша арнайы әлеуметтік төлемдітағайындау үшін міндетті шарттарды ескере отырып, оған 2024 жылы 37 мыңнан астам жұмыскер, 2025 жылы – 42 мыңнан астам, 2026 жылы – 47 мыңнанастам жұмыскер үміткер бола алады. Осылайша, әлеуетті төлем алушылар саны жыл сайын ұлғаяды.
«Алдын ала деректер бойынша, 2024 жылы арнайыәлеуметтік төлемнің орташа мөлшері жалпы алғанда208 мың теңгеден асады. Әрбір жұмыскер үшін төлеммөлшері БЖЗҚ-дағы жинақтарға байланысты болады. Бұл ретте жыл сайын арнайы әлеуметтік төлеммөлшері ең төмен күнкөріс мөлшерінің ұлғаюынабайланысты өседі», – деді Светлана Жақыпова.
Сондай-ақ, заңнамалық түзетулер бойыншажұмыскерді еңбек міндеттерін орындау кезіндежазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесінжетілдіру көзделеді, атап айтқанда:
- өмірді сақтандыру компанияларының алдын алушараларына жұмсаған шығыстарын төленгенсақтандыру сыйлықақысының 6 %-на дейін өтеуі;
- өмірді сақтандыру компанияларының оңалтушараларына жұмсаған шығыстарын төленгенсақтандыру сыйлықақысының 6%-на дейін өтеуі;
- өмірді сақтандыру компанияларының зардапшеккен жұмыскерді санаторий-курорттық емделуін100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшердетөлеуі;
- жазатайым оқиға нәтижесінде келтірілген зияндыөтеу (сақтандыру төлемі) мөлшерін айқындау кезіндежұмыскердің кінәсін болдырмау.
Кездесуде Светлана Жақыпова Жамбыл облысының кәсіпорындары қызметкерлерініңсұрақтарына жан-жақты жауап беріп, содан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Сонымен қатар, жұмыс сапары барысындаминистр «Қаратау» ААҚ регрессшілерімен кездесуөткізді.