19 қарашада елімізде ауылшаруашылық қызметкерлері күні атап өтіледі. |
Бүгін – ҚР ауылшаруашылық қызметкерлерінің күні, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Жыл сайын елімізде қараша айының үшінші жексенбісінде ауылшаруашылық қызметкерлері күні атап өтіледі.
Ауыл шаруашылығы – азаматтарымыздың өмір сапасына тікелей әсер ететін экономиканың басты салаларының бірі.
Бүгінде бұл саланың жеткен жетістіктері орасан. Мал басы көбейіп, етті экспортқа шығара бастадық. Ал шетелдік сарапшылар Қазақстан осы қарқыннан таймаса аграрлық державаға айналуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Бүгінде ауыл шаруашылығының Ұлттық экономикадағы үлесі 38 пайызды құрайды. Ал елдегі жалпы жұмысбасты адамдардың 16 пайызы осы салада қызмет етеді.