Алматы автопаркіне газбен жүретін 500 жаңа автобус келді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап. |
Олар жолаушылар ең көп жүретін маршруттарға шығады.
"Мысалы, 2024 жылдың қаңтарында №63, №28, №14, №92, №120, №120А, №79, №50 және т.б. маршруттарды күшейту жоспарланған", — делінген хабарламада.
Бұған қоса, троллейбус паркіне 100 троллейбус сатып алынған, қазір олар жолаушылар тасымалына шыққан. Әрі жеке тасымалдаушылар тұрақты негізде жаңа жылжымалы бірліктерді сатып алуда, биыл 550 автобусқа арналған жылжымалы құрам жаңартылды.
"Осылайша, 2023 жылдың соңына қарай қоғамдық көліктің экологиялық отын түріндегі үлесі 53 пайызға жетті", — делінген хабарламада.