Ауа-райына байланысты ескерту жасалды
"Қазгидромет" болжамдарына сәйкес, ауа райы нашарлайды: қатты жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі, желдің күшеюі, боран, көктайғақ, тұман.
ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді:
"Дауылды ескерту жариялаған кезде, әсіресе қараңғы уақытта алыс жерлерге сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болыңыздар. Ауа райы жағдайы мен автожолдардағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты бақылаңыздар", — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" қарашада бір ай бойы қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман күтілетінін болжаған болатын.
Сурет: pixabay.com