Қазақстанда биыл шомылу маусымында 53 бала суға батып кетті

Қазақстанда биыл шомылу маусымында 53 бала суға батып кетті.

Жаз мезгілінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары судан 136 адамды, оның ішінде 51 баланы құтқарды, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Суға шомылу маусымы басталмас бұрын және оны өту кезінде тұрғындармен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-профилактикалық жұмыстар жүргізілді», – делінген хабарламада.

Барлық жерде жүргізілген жұмыстарға қарамастан, жаздың үш айында 177 адам, оның ішінде 53 кәмелетке толмағандар суға батып кетті. Ал былтыр шомылу маусымында 184 адам суға батып кетті (-4%), соның ішінде 62 кәмелетке толмағандар (-15%).

«Суға батқандардың 98 пайызы жабдықталмаған жағажайларда суда шомылған. Судағы өлімнің негізгі себептері – өз күшін асыра бағалау, мас күйінде суға түсу, жүзе алмау. Ал балалардың суға батуының басты себебі – оларды ересектердің қараусыз қалдыруы», – делінген хабарламада.

Жалпы республика бойынша суда жаппай демалуға рұқсат етілген 612 орын бар. 4285 орын суға түсуге қауіпті деп танылып, суға түсуге тыйым салынған орындар тізіміне енгізілген.