Имам, уағызшы сабырлы болудың да харам тұстары жайлы айтты. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Төле би" мешітінің бас имамы Ерсін Әміре сабырлық тақырыбы жайлы.
- Сабырлық жүрмейтін жерде сабырлық таныту харам. Мысалы, біреу келіп оның ар-намысына қол сұғады. Көшеде біреу әйеліне немесе қарындасына, әкесіне, анасына тиісіп жатыр. Сол кезде оның қызғанышы оянбаса немесе үндемей қалса, сабыр, сабыр деп, сабырлы болғанды Алла Тағала жақсы көреді деп, сабыр сақтайын десе, онда бұл — харам сабырлық. Яғни, бұл жерде сенің ар-намысың, қызғанышың ояну керек. Қорғау керек жерде, қорғай алуың керек,- дейді имам.