Қазақстанда доллар арзандады

Доллар бағасы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,43 теңгеге төмендеп, 487,24 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 17 қазандағы ресми бағамы — 488,93 теңге .

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 487,24 теңгеге, сатылымы 488,80 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 486,01 теңгеден сатып алынып, 491,99 теңгеден сатылып жатыр.

Сурет: ашық дереккөздерден