Қазақстанда ет бағасы тағы да көтерілді

Қазақстанда ет бағасы қайтадан өсті. LS редакциясы еліміздің қай өңірлерінде халық ет үшін көбірек ақша төлейтініне талдау жасады.

Осы жылдың ақпан айында сүйекті сиыр етінің бағасы қаңтармен салыстырғанда 115 теңгеге немесе 4,2%-ға өсіп, Қазақстан бойынша орташа есеппен 1 кг үшін 2,8 мың теңгеге жетті.

Қой еті бір айда 2,1%-ға қымбаттап, 2,9 мың теңге болды. Қазы-қарта мен жылқы еті – 1%-ға өсіп, 3,1 мың теңге, тауық еті – 0,6%-ға өсіп, 1,5 мың теңге, ал шошқа еті – 0,04%-ға өсіп, 2,3 мың теңге болды.

Жылдық есеппен алғанда ең көп қымбаттаған- сиыр еті. Оның орташа бағасы 8,3%-ға өсті. Қой еті – 3,5%-ға, тауық еті – 3,1%-ға, жылқы еті – 2,7%-ға, ал шошқа еті – 2%-ға қымбаттаған.

Өңірлер бойынша сиыр еті ең қымбат Астанада, мұнда 1 кг еттің құны 3,3 мың теңгені құрайды. Ал өткен жылмен салыстырғанда бұл баға елордада 9,6%-ға артқан.

Петропавлда – 3,2 мың теңге (+16,3%), Өскеменде – 3,1 мың теңге (+14,7%), Ақтауда – 3,1 мың теңге (+7%), Көкшетауда – 3,1 мың теңге (+16,7%).

Алматы мен Шымкентте бұл ет түрінің бағасы ақпанда орта есеппен 2,8 мың теңге болды: тиісінше +5% және +10,5%.

Сиыр еті ең арзан өңірлер – Орал (2,3 мың теңге, +3,5%), Қызылорда (2,5 мың теңге, +3,9%) және Түркістан (2,6 мың теңге, +3,8%).

Қарағандыда сүйекті қой еті 3,3 мың теңгеге сатылып жатыр (+0,1%), Ақтауда баға дәл солай (+2,7%). Алматыда баға 3,2 мың теңге (+0,5%), Шымкентте 3,2 мың теңге (+14,6%), Астанада 3,1 мың теңге (+0,7%), ал Талдықорғанда 3,1 мың теңге (+2,4%).

Көкшетау (2,3 мың теңге, -11,2%), Орал (2,4 мың теңге, +0,5%) және Жезқазған (2,4 мың теңге, өзгеріссіз) тұрғындары қой етін арзанырақ бағамен сатып алады.

Сүйекті жылқы еті Алматыда 3,7 мың теңгеге дейін жетті (+2,7%). Петропавлда – 3,5 мың теңге (+1,4%), Ақтөбеде – 3,5 мың теңге (+2,2%).

Астанада бұл ет түрі 3,4 мың теңгеден сатылуда (-1,7%), Шымкентте- 3 мың теңге (+7%).

Ең арзан баға Орал мен Қызылордада тіркелген – 2,5 мың теңге (тиісінше +1% және +3%).

Сүйекті шошқа еті Ақтауда 2,8 мың теңгеге сатылып жатыр (+7,4%), Таразда баға 2,7 мың теңге (+4,3%), ал Петропавлда 2,5 мың теңге (+3,2%) болды.

Ал ең арзан баға Шымкентте – 2 мың теңге (-2,6%) және Оралда- 1,8 мың теңге (өзгеріссіз).

Тауық еті ең қымбат Ақтауда – 1,8 мың теңге (+2,2%), Астанада – 1,7 мың теңге (+2,9%), Алматыда – 1,6 мың теңге (+1,3%).

Ең арзан бағалар Ақтөбе мен Қызылордада – 1,2 мың теңге, төмендеу сәйкесінше – 2,4% және – 5%.