|
Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майқайың-алтын» АҚ шахтасының жанында болған оқиғаның салдарынан қаза тапқан екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы "Адырна" -ке сілтеме жасап.
Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабы бұл мәліметті растап, автобустың әлі табылмағанын хабарлады. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
«ТЖД құтқарушылары қаза тапқан екі адамның денесін құмнан тапты. Оларды жер бетіне көтеру жұмыстары жүргізілуде. Автобус табылған жоқ, оны іздеп жатырмыз», — деп жеткізді кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің республикалық орталық штабы.
Орталық штаб қаза болғандардың отбасына көңіл айтып, барлық қажетті қолдауды көрсетуге уәде берді.
Еске салайық, бүгін түнде 4 жолаушысы бар автобус шахта маңындағы шұңқырға құлап кеткен болатын.