Семей көшелерінде еркін жүрген жылқы екі жол апатына себеп болды

Семейдің орталық көшелерінде "шауып жүрген»" жылқы ұсталды

Семей қаласында полиция қызметкерлері "Автомобилистерге қолдау көрсету қоғамы" қоғамдық бірлестігінің көмегімен көшеде еркін жүрген жылқыны ұстау бойынша шаралар жүргізді.

"Жануардың жолда бақылаусыз жүруі екі жол-көлік оқиғасына себеп болды : жаяу жүргіншілер өткелінде жылқы әйелді қағып кетті, сондай-ақ бір автокөлікпен соқтығысты", — деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Қазіргі уақытта жылқы ұсталып, иесіз малға арналған арнайы айып тұрағына орналастырылды. Полиция қызметкерлері иесін анықтау жұмыстарын жүргізуде.

"Жылқының иесіне ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар, ол азаматтық тәртіпте зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеуге міндеттеледі", — делінген хабарламада.

Өңірде иесіз малды бақылауға алу мақсатында арнайы айып тұрақтарын құру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде олардың саны 148-ге жетті.

Сурет: видеодан скриншот