Бұл туралы Әділет министрлігінде мәлімдеді.
Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің айтуынша, бұл жаңашылдық ерлі-зайыптылардың нотариаттық келісімін ресімдеу процесін анағұрлым жеңілдетеді. Азаматтар нотариусқа жүгінбей-ақ қажетті келісімді жылдам әрі ыңғайлы түрде ала алады. Процесс биометриялық сәйкестендірудің заманауи технологияларын қолдана отырып, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді.
"Онлайн форматтың артықшылығы – нотариусқа жүгінуге кететін уақыт пен шығындарды үнемдеу, сондай-ақ өзіне ыңғайлы мерзімде алу мүмкіншілігі" — деп атап өтті Бекболат Молдабеков.
Қызметті алу үшін:
- "eGovMobile" платформасында тіркелу;
- өтініш нысанын толтыру және биометриялық тексеруден өту;
- бейнеқоңырау бойынша келісімді ресімдеу;
- нотариустың қызмет ақысын төлеу;
- нәтижесінде, құжат "Цифрлық құжаттар" сервисінде қолжетімді болады.
Сурет: ашық дереккөздерден