Қазақстанда "Наурыз" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы бойынша жинақтау шегін арттыру жоспарлануда. Бұл туралы Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды LS.
"Аталған бағдарламаны талдау барысында екі мәселе анықталды. Бағдарламаға қатысу үшін депозитте тек 1 млн теңге болуы қажет деген шарт қойылған. Бірақ конкурс жеңімпазы қысқа мерзімде пәтер құнының 20%-ын төлеуі керек. Қазіргі уақытта 2500-ден астам өтінім берушінің тек 39%-ы 20% жарнаны төлеуге дайын. Сондықтан келесі жылы бағдарлама қатысушыларының депозитінде 2 млн теңге болуын ұсынамыз. Бұл бағдарламаларды іске асыруды жеделдетеді" — деді ол.
Біріншіден, оның айтуынша, көптеген сатып алушылар дайын үйді сатып алғысы келеді, өйткені жөндеу шығындары көбейеді.
"Осыған байланысты банк құрылыс компаниялары қауымдастығымен бірқатар кездесулер өткізді. Олар порталға дайын пәтерлерді қояды, сатып алушылар пәтер құнының 10%-ын төлей отырып келіседі. Бұл 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады" — деп түсіндірді Ибрагимова.
Жалпы, оның айтуынша, "Наурыз" бағдарламасы бойынша келесі жылы 300 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.
"Бағдарламаны жалғастыру үшін 2025 жылы біз нарықтық мөлшерлеме 14-15% бойынша 200 млрд теңгеге облигациялар шығарамыз. 7%-ға дейін мемлекеттік субсидиялар есебінен бөлінеді. Біз 24 қаңтарда бюджеттен 8,1 млрд теңге бөлуді сұраймыз. Келесі жылы бағдарламаны табысты іске асыру үшін бұл процесті жеделдетуді ұсынамыз, өйткені ол жас отбасылар арасында сұранысқа ие", — деп жалғастырды Отбасы басшысы.
Спикердің айтуынша, бүгінде Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда және Атырау облыстарында тұрғын үй тапшылығы байқалады.
Банктің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың басынан бастап бастапқы тұрғын үйді сатып алуға 571,7 млрд теңгеге 32,8 мың қарыз берілгее, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар бойынша – 94,6 млрд теңгеге 7,8 мың несие. Өз бағдарламалары бойынша банк 477,1 млрд теңге сомасына 25 мыңнан астам қарыз берілді. Оның 40%-ы "Наурыз" және "Отау" бағдарламалары бойынша, яғни 240 млрд теңге сомасына 9,3 мың несие.
Бұған дейін, Шымкент пен Алматы тұрғындары тұрғын үй ипотекасын белсенді түрде алып жатқаны хабарланған болатын.
Сондай-ақ, LS редакциясы Отбасы банктің IPO-ға шығуы туралы жазды. "Бәйтеректе" атап өткендей, бұл нұсқа бизнес-модельдің тиімді жұмысына, сондай-ақ, табысты көрсеткіштерге байланысты қарастырылады.