Семейде колледж өртенді

ТЖМ қызметкерлері өрттің таралуына жол бермеді.

Шақыру орнына жеткеннен кейін өрт сөндірушілер кабинетте жиһаз бен төбенің бөлшектері жанғанын анықтады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін барлық студенттер мен қызметкерлер өз бетінше далаға шықты.

"Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Алдын-ала болжам бойынша өрт электр жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан шықты", — делінген хабарламада.

Сурет: видеодан скриншот